
Жолбарыс батыр ауылдық округіне қарасты Кәлпе ауылдық мәдениет үйінде қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, қоғамда адалдық пен ашықтық қағидаттарын қалыптастыру, сондай-ақ заң талаптарын сақтау мәселелері жан-жақты түсіндірілді. Қатысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті нығайтудың маңыздылығы айтылып, пікір алмасу жүргізілді.
Мұндай шаралардың негізгі мақсаты – қызметкерлер арасында құқықтық сауаттылықты арттыру, сыбайлас жемқорлықтың кез келген көріністеріне жол бермеу және қоғамда әділдік қағидаттарын орнықтыру.