
«Наурыз» мерекесін өткізу туралы жұмыс жоспарына сәйкес Кәлпе орта мектебінде «Шабыт» жобасы аясында «Ұлттық мәдениет, салт-дәстүр» тақырыбында көрме ұйымдастырылды.
Көрменің мақсаты – оқушыларға қазақ халқының ұлттық мәдениеті мен салт-дәстүрін насихаттау, ұлттық құндылықтарды құрметтеуге тәрбиелеу, сондай-ақ жас ұрпақтың туған халқының тарихы мен мәдениетіне деген қызығушылығын арттыру.