Кәлпе ауылында Наурыз мерекесі атап өтіледі

Кәлпе ауылында Наурыз мерекесі атап өтіледі

Кәлпе ауылында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесін бірге атап өту жоспарлануда. Осыған байланысты ауыл әкімшілігінде әр көшенің өкілдерінің қатысуымен арнайы жиналыс өткізілді.Жиналыс барысында мерекелік іс-шараны ұйымдастыру мәселелері талқыланып, тұрғындар тарапынан бірқатар ортақ ұсыныстар айтылды. Атап айтқанда, ауыл тұрғындарының бірлесе атсалысуы, мерекелік дастархан ұйымдастыру, ұлттық тағамдар әзірлеу және көпшілікке көтеріңкі көңіл-күй сыйлайтын іс-шаралар өткізу жөнінде пікірлер ортаға салынды.

Наурыз мерекесі – татулық пен бірліктің, жаңару мен жақсылықтың мейрамы. Сондықтан бұл мерекені ауыл болып бірлесе атап өту – тұрғындар арасындағы ауызбіршілік пен ынтымақтастықты нығайтудың көрінісі болмақ.

Барша ауыл тұрғындарын Наурыз мерекесін бірге қарсы алып, ортақ іс-шараға белсенді қатысуға шақырамыз.