Кәлпе орта мектебінде 8 наурыз мерекесіне орай оқушылар құттықтау ұйымдастырды

Кәлпе орта мектебінде 8 наурыз мерекесіне орай оқушылар құттықтау ұйымдастырды

8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай Кәлпе орта мектебінде ерекше құттықтау шарасы өтті. Мектеп оқушылары ұстаздар мен аналарды көктемнің шуақты мерекесімен шын жүректен құттықтап, ізгі тілектерін білдірді.

Мерекелік шара барысында оқушылар ән айтып, мектептің аяулы ұстаздары мен аналар қауымына құрмет көрсетіліп, олардың еңбегі мен мейірімі ерекше аталып өтті.

Бұл мерекелік шара көтеріңкі көңіл-күй сыйлап, барша жанның жүрегіне жылулық ұялатты.