ЖЕРЛЕСІМІЗ ЧЕМПИОН АТАНДЫ!

ЖЕРЛЕСІМІЗ ЧЕМПИОН АТАНДЫ!

110 келі салмақ дәрежесінің финалында Қуанәділ Палимбетов (Алматы қ.) пен Жетісу облысы, Кәлпе ауылының тумасы Сағындық Темірғали чемпиондық атақты сарапқа салды.

Қос балуан да аянып қалмай, шеберлік пен мінездің мықтылығын көрсетті. Кездесу тағдыры соңғы секундтарға дейін шешілмей, аса жоғары қарқында өтті.

Нәтижесінде 2:1 есебімен жеңіс жерлесіміз Сағындық Темірғалиге бұйырып, ол Қазақстан чемпионы атанды.