4 наурыз – Дүниежүзілік семіздікпен күрес күні!

4 наурыз – Дүниежүзілік семіздікпен күрес күні!

Дүниежүзілік семіздік федерациясы бастамасымен жыл сайын аталып өтетін бұл күннің мақсаты – артық салмақ пен семіздіктің алдын алу, халықтың хабардарлығын арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру.
Осыған орай, Қ.Байсейітов атындағы орта мектебінде 5-10 сынып оқушылар арасында спорттық жарыс ұйымдастырылды. 
Жарыс барысында оқушылар белсенділік танытып, өздерінің жылдамдығы мен ептілігін сынады. Спорттық сайыс – тек жеңіс емес, ол денсаулықты нығайтуға, достық қарым-қатынасты арттыруға және белсенді өмір салтын қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам.
Біз салауатты ұрпақ тәрбиелеуді басты мақсатымыз деп білеміз. Әрбір қозғалыс – денсаулыққа жасалған қадам!