
Кездесу барысында төрт түлік мал ұстау, ветеринариялық қауіпсіздікті сақтау, мал ауруларының алдын алу, екпе жұмыстарының жүргізілу тәртібі және заңнама талаптарын орындау мәселелері кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, малды бірдейлендіру, есепке алу, жайылымдарды тиімді пайдалану және мал ұрлығының алдын алу шаралары туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Мамандар тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, өзекті мәселелер бойынша түсіндірме берді. Кездесудің басты мақсаты – ауыл тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыру, ветеринариялық талаптарды сақтау және ауыл шаруашылығы саласындағы заңнаманың орындалуын қамтамасыз ету.
Осындай түсіндіру және ақпараттық кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.