
Жас педагог қызметкерлердің шығармашылық әлеуетін және өзін-өзі дамыту үшін жағдай жасау, білім беру жүйесін жетілдіруге жас мұғалімдердің белсенді кәсіби көзқарасын қалыптастыру мақсатында "Дарынды балаға - талантты ұстаз" республикалық педагогикалық олимпиадасының облыстық кезеңінде Кәлпе орта мектебінің педагог-психологы Базарбаева Еркежан Жолдасовна жүлделі 3-орынды иеленді. Жас педагогіміздің облыс көлеміндегі нәтижелі жетістігі құтты болсын!