
Ағымдағы жылдың 16 ақпан күні Жанұя отбасын қолдау орталығы КММ мамандары Жолбарыс батыр ауылдық округі аумақтарында мобильді топ жұмысы аясында кезекті жоспарлы іс-шараларын өткізді.
Кездесу барысында отбасылық құндылықтарды нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, қиын жағдайға тап болған отбасыларға әлеуметтік-психологиялық қолдау көрсету мәселелері талқыланды. Сонымен қатар, заңнамалық өзгерістер мен мемлекеттік бағдарламалар аясында көрсетілетін қызмет түрлері туралы жан-жақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – ауыл тұрғындары арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейту және отбасы институтын қолдау бағытындағы өзара ынтымақтастықты арттыру болып табылады.