Жоба мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Атырауда өткен Ұлттық
құрылтайда айтқан тұжырымдамасы негізінде жүзеге асырылады. Жоба аясында «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» деп аталатын бес бағыт бойынша байқау ұйымдастырылады. 1. Жалпы ережелер
1.1. «Кітап оқитын ұлт» конкурсы – жас ұрпақтың және аудан тұрғындарының кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, оқырмандық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
1.2. Аталған конкурс 2025 жылдың қыркүйек айынан 2026 жылдың 25 мамырына дейін өткізіледі.
1.3. Конкурс жыл сайын өткізіледі. 3. Қатысушылар
3.1. Конкурсқа «Кітап оқитын мектеп», «Кітап оқитын колледж», «Кітап оқитын педагог», «Кітап оқитын әулет», «Кітап оқитын мемлекеттік қызметші» бағыттары бойынша мектеп оқушылары, колледж оқушылары, педагогтер, мемлекеттік қызметшілер және аудан әулеттері қатыса алады.
3.2. Қатысушылар жас ерекшелігіне қарай бірнеше санатқа бөлінеді:
•7–11 жас;
•12–16 жас;
•17–22 жас;
•ересектер (23 жастан жоғары).
4. Конкурстың шарттары
4.1. Қатысушылар ұйымдастырушылар ұсынған тізімдегі кітаптардың бірін немесе бірнешеуін оқуы тиіс.
4.2. Әр қатысушы төмендегі бағыттардың бірін таңдай алады:
•Эссе жазу (оқыған кітабы туралы ой-пікір, әсерімен бөлісу);
•Көркем оқу (кітаптан үзінді мәнерлеп оқу);
•Бук-трейлер (қысқаша бейнеролик түсіру);
•Пікірталас/шолу (оқыған шығарманы талдау).
4.3. Жұмыстар белгіленген мерзімде қабылданады.
5. Бағалау өлшемдері
•тақырыпты ашу деңгейі;
•шығармашылық көзқарас;
•тіл мәдениеті мен ойдың жүйелілігі;
•мәнерлеп оқу шеберлігі (егер көркем оқу бағыты болса);
•бейнеролик сапасы (егер бук-трейлер болса). 6. Қорытынды шығару және марапаттау
6.1. Конкурс қорытындысы қазылар алқасының шешімімен анықталады.
6.2. Жеңімпаздар дипломдармен, алғыс хаттармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
6.3. Белсенді қатысушыларға сертификаттар беріледі.
Ұйымдастырушылар: Қаратал ауданының әкімдігі және «Қаратал ауданының ішкі саясат, мәдениет, тілдерді дамыту және спорт бөлімі» ММ-сі