Жетісу облысында салықтық берешек көлемі 642 млн теңгеге жуықтады

Жетісу облысында салықтық берешек көлемі 642 млн теңгеге жуықтады
Ағымдағы жыл бойынша Жетісу облысында жеке тұлғалардың салықтық берешегі шамамен 642 млн теңгені құрайды. Оның басым бөлігі жеке тұлғалардың көлік құралдарына салынатын салықтары бойынша қалыптасқан.
Жеке тұлғалардың мүлік салығы бойынша берешек көлемі 13,3 млн теңгеге дейін төмендеген. Бұл берешектің шамамен 97%-ы Талдықорған қаласына тиесілі.
Жеке шоттарда сомаларды есептеу және тіркеу жұмыстары аяқталғаннан кейін, Мемлекеттік кірістер комитеті екінші деңгейлі банктер – «Kaspi bank» АҚ және «Halyk bank» АҚ-мен бірлесіп, салықтық міндеттемелері бар клиенттерге push-хабарламалар жіберді.
Қазіргі уақытта келесі бағыттар бойынша түгендеу жұмыстары жүргізілуде:
•жылжымайтын мүлік нысандарының құнын нақтылау;
•жеңілдікке құқығы бар тұлғалар туралы деректерді тексеру;
•қайтыс болған азаматтар мен ортақ меншік нысандары туралы ақпараттарды нақтылау.
Салық кодексінің 528-бабына сәйкес, жеке тұлғалардың мүлік салығын төлеушілер – салық салу нысандарына иелік ететін тұлғалар болып табылады. Салық төлеуден мына санаттағы азаматтар босатылады:
•Кеңес Одағының Батырлары,
•мүгедектер,
•ардагерлер,
•көпбалалы аналар және басқа да азаматтар – белгіленген жеңілдік шегінде.
Жеңілдіктер жалға берілген нысандарға қолданылмайды.
Сол сияқты тәртіп көлік салығына да қатысты: мүгедектерге және басқа да жеңілдік санатындағы азаматтарға тиесілі көліктер салықтан босатылады.