
2026 жылғы 9 маусымда Үштөбе қалалық округінің әкімі Қ. Оңғаров округ аумағындағы шаруа қожалықтарының егістік алқаптарын аралап шықты.
Бүгінгі күнге дейін «Айкен», «Мадина», «София», «Шариф оғлы А.», «Тамо оғлы М.», «Тамо оғлы Яков» және басқа да шаруа қожалықтарында 48 гектар жоңышқа шабылды. Шөп шабу науқанына 5 дана МТЗ-80 тракторы, 2 дана шөп шабатын «Германка» агрегаты, 1 дана ГАЗ-53 жүк көлігі, сондай-ақ 3 дана тырма, 5 дана пресс-жинағыш және 3 дана шөп шабатын косилка жұмылдырылды.
Шөп шабу жұмыстары жоспарға сәйкес жалғасуда.