Егіс алқаптарындағы жұмыстармен танысу

Егіс алқаптарындағы жұмыстармен танысу

2026 жылғы 12 мамыр күні Үштөбе қаласының әкімі                  Қ.Оңғаров, Үштөбе қаласы әкімі аппаратының бас маманы      Ғ.Ұзақбай және Қаратал ауданының ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары бөлімінің бас маманы А. Алижанова қалалық округ аумағындағы шаруа қожалықтарын аралады. Іссапар барысында көктемгі дала жұмыстарының барысы, егіс алқаптарына егілген ауыл шаруашылығы дақылдары мен көкөніс көшеттерінің шығу жағдайы таныстырылып, шаруалармен пікір алмасылды. Атап айтқанда, «Литвинов» шаруа қожалығының басшысы Дмитрий Литвинов ағымдағы жылы алынған VTO маркалы төрт доңғалақты трактордың көмегімен бақша егу жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, «Ибо оглы А» шаруа қожалығында картоп алқаптарында жаңадан шыққан өнімге күтім жасау мақсатында қопсыту жұмыстары жүргізілуде