Құрметті Үштөбе қалалық округінің тұрғындары

Құрметті Үштөбе қалалық округінің тұрғындары

Сіздерден үйлеріңіздің маңайынан өтетін ортақ бау-бақша дақылдарын суаруға арналған арық жүйелерін уақытылы тазалап, қазып тереңдетіп, қоқыстардан арылтуларыңызды сұраймыз. Аталған арықтардың қалыпты жұмыс істеуі суармалы судың еркін өтуіне және бау-бақша алқаптарының толыққанды суарылуына мүмкіндік береді.

Сондай-ақ арықтардың бітеліп қалмауын, су жүруіне кедергі келтіретін тұрмыстық қалдықтардың тасталмауын қадағалауларыңызды сұраймыз. Әрбір тұрғын өз аумағындағы тазалық пен тәртіпке жауапкершілікпен қарауы қажет.

Ортақ пайдаланудағы суару жүйелерінің дұрыс жұмыс істеуі баршамызға ортақ екендігін ескеріп, түсіністік танытып, белсенділік танытуларыңызды сұраймыз.

Алдын ала алғыс білдіреміз!

Үштөбе қаласы әкімі аппараты