
Сіздерден жолда келе жатып ішкен сусындардың ыдыстарын, темекі қораптарын, сондай-ақ тұрмыстық қоқыстарды (қағаз, целлофан және басқа да жанатын қалдықтарды) жол жиегіне және көшелерге тастамай, мүмкіндігінше өздеріңізбен бірге алып кетіп, тиісті орындарға тастауларыңызды сұраймыз.
Жанатын қалдықтарды үйлеріңізде пеште жоюға, ал жанбайтын қоқыстарды қоқыс шығару қызметін көрсететін «Қайрат» ЖШС-мен келісімшарт жасасу арқылы шығаруға шақырамыз. Байланыс телефоны: 8 708 832 93 20.
Назарларыңызға саламыз, әрбір тұрғын мен әрбір жүргізуші өз қаласының және өз көшесінің тазалығына жауапты. Әкімдік пен қоғамдық жұмысшылар көшелердегі қоқысты тазалауға міндетті емес. Қоғамдық жұмысшылар тек қоғамдық орындарды (саябақтар, скверлер, алаңдар және т.б.) тазалаумен айналысады.
Сондай-ақ еске саламыз: қоқысты белгіленбеген орындарға тастағаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 505-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылған. Аталған құқық бұзушылық үшін айыппұл салынады.
Баршаңызды тазалықты сақтауға шақырамыз!
Құрметпен, Үштөбе қаласы әкімінің аппараты