Санитарлық тазалық жұмыстары

Санитарлық тазалық жұмыстары

🔰 Үштөбе қаласында Шаңырақ шағын ауданы №16 көпқабатты үйдің ауласында және Попов көшесінің бойында санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілді.

Жұмыс барысында жиналған қоқыстар арнайы техника – трактордың көмегімен тиеліп, белгіленген орындарға шығарылды.

📣 Құрметті қала тұрғындары!
Қоқыстарды көшелер мен су арналарының бойына тастамай, тек арнайы белгіленген орындарға тастауларыңызды сұраймыз.

Қала тазалығы – баршамызға ортақ міндет! ♻️

Құрметпен,
Үштөбе қаласының әкімдігі