Құрметті қала тұрғындары және шаруа қожалықтарының басшылары!

Құрметті қала тұрғындары және шаруа қожалықтарының басшылары!

Қаратал ауданының төтенше жағдайлар бөлімі өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтау қажеттігін ескертеді.

Елді мекендер аумағында және одан тыс жерлерде:

·       -қоқыс пен құрғақ өсімдіктерді жағуға қатаң тыйым салынады;

·       -көктемгі дала және егіс жұмыстары кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау міндетті;

·       -шабындықтарда, жайылымдарда және егістіктерде өсімдік қалдықтарын, соның ішінде оралған жем-шөп қалдықтарын өртеуге жол берілмейді.

Өрттің алдын алу — баршамызға ортақ міндет. Ережелерді сақтамау адам өміріне, мүлікке және табиғатқа үлкен қауіп төндіреді.

Баршаңызды жауапкершілік танытып, өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз!

Үштөбе қаласы әкімдігі