Үштөбе қаласы, Үшкөмей ауылында мал ұрлығының алдын алу бойынша жиналыс өтті

Үштөбе қаласы, Үшкөмей ауылында мал ұрлығының алдын алу бойынша жиналыс өтті

Ауыл шаруашылығы малдарының өз бетінше жүріп егістікке түсуінің алдын алу, сондай-ақ үшжақты меморандум (келісімшарт) жасау және малды табынға қосу мәселелері қаралды.

Жиналысқа Үштөбе қалалық округінің әкімі Қ. Оңғаров, Үштөбе қаласы әкімі аппаратының бас маманы Ғ. Ұзақбай, Үштөбе қалалық ветеринарлық дәрігері Ө. Байымқожанов, «Опытное» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативінің басшысы Е. Қайсанов, Қаратал АПБ ЖПК учаскелік полиция лейтенанты А.Қази, сондай-ақ ауыл тұрғындары, мал бақташылары және шаруа қожалықтарының өкілдері қатысты