Үштөбе қаласы бойынша санитарлық тазалықты сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес рейдтік іс-шаралар жүргізілуде

Үштөбе қаласы бойынша санитарлық тазалықты сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505-бабына сәйкес рейдтік іс-шаралар жүргізілуде

Рейд барысында қала тұрғындарына тазалық сақтау талаптары түсіндіріліп, абаттандыру қағидаларын бұзған азаматтарға ескертпелер берілуде. Сонымен қатар, тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстау, қоқысты белгіленген орындарға тастау және санитарлық талаптарды сақтау қажеттілігі жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар, тұрғындар да белсенділік танытып, өз аумақтарын тазалап, қоқыстарды шығару жұмыстарына атсалысуда. Аталған шаралар қаланың тазалығын қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында ұйымдастырылуда.