Қаптағаев көшесінде тазалықты сақтау және қоқыс шығару мәселелері бойынша жиын

Қаптағаев көшесінде тазалықты сақтау және қоқыс шығару мәселелері бойынша жиын

Қаптағаев көшесінің тұрғындарымен стихиялық қоқыс үйіндісінің алдын алу және қатты тұрмыстық қалдықтарды шығару бойынша жеке кәсіпкермен келісімшарт жасау мәселелері бойынша жиын өткізілді. Жиын барысында тұрғындарға қоршаған ортаны таза ұстаудың маңыздылығы түсіндіріліп, рұқсат етілмеген орындарға қоқыс тастаудың салдары айтылды. Сонымен қатар, қоқысты уақтылы шығару үшін тиісті қызмет көрсетуші жеке кәсіпкерлермен келісімшарт жасау қажеттілігі жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу қорытындысы бойынша тұрғындарға белгіленген тәртіпті сақтау, тазалықты қамтамасыз ету және қоқыс шығару қызметін тұрақты негізде ұйымдастыру бойынша ұсыныстар берілді.