Ұлттық Primary Health Care қауымдастығының жобасы аясында Үштөбе қалалық емханасы базасында Үздік тәжірибе орталығы салтанатты түрде ашылды! 🎉

Ұлттық Primary Health Care қауымдастығының жобасы аясында Үштөбе қалалық емханасы базасында Үздік тәжірибе орталығы салтанатты түрде ашылды! 🎉

Салтанатты іс-шараға Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Оңғаров А.Н.,
Primary Health Care Ұлттық қауымдастығының президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Рахыпбеков Т.К,
сондай-ақ аудандық орталық аурухананың медицина саласының ардагерлері мен құрметті қонақтар қатысты. 🌿

🔷️ Лентаны қию рәсімін Қаратал ауданы әкімінің орынбасары Оңғаров А.Н. және профессор Рахыпбеков Т.К жүзеге асырды.

Орталықтың негізгі мақсаты — алғашқы медициналық-санитарлық көмектің сапасын арттыру. Мұнда мамандар пациенттерге кешенді медициналық, әлеуметтік және психологиялық көмек көрсетеді.

Жұмыстың басты бағыты — отбасылық медицина қағидаттарын енгізу, әр пациенттің әлеуметтік жағдайына ерекше назар аудару. 👨‍👩‍👧‍👦

Бүгінде емханада 27 мыңнан астам тұрғын тіркелген. Мұнда 22 отбасылық дәрігер мен 120-дан астам түрлі сала мамандары жұмыс істейді.
Орталықтың арқасында пациентті туғаннан бастап егде жасқа дейін бақылайтын көпсалалы топтар құрылуда.

🩺 Бұл топ құрамында отбасылық дәрігерлер, патронаждық медбикелер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер және қажет болған жағдайда бейінді мамандар бар.

Орталықтың басты ұстанымдары — қауіпсіздік, қолжетімділік және тиімділік.
Біз үшін саннан гөрі сапа маңызды. Ең бастысы — тұрғындардың денсаулығына қамқорлық жасап, олардың медициналық қызметке қанағаттануын қамтамасыз ету. ❤️

Сонымен қатар емханада «Халық кеңесі» құрылды. Оның құрамына ауданның белсенділері мен емхана қызметкерлері енді. Кеңес тұрғындармен бірлесіп, медициналық қызмет көрсету сапасы мен инфрақұрылымға қатысты мәселелерді шешуге атсалысады.