Шараның негізгі мақсаты – жасөспірімдер арасында салауатты өмір салтын насихаттау, зиянды әдеттердің алдын алу және нашақорлықтың жеке адамға да, қоғамға да тигізетін зиянды салдарын түсіндіру болды.
Кездесуде оқушыларға нашақорлықтың денсаулыққа қауіпті әсерлері, психологиялық және әлеуметтік зардаптары жайлы кеңінен айтылды. Сонымен бірге, жасөспірімдерді теріс әдеттерден сақтандыру жолдары талқыланып, дұрыс таңдау жасауға шақырылды.
Профилактикалық жұмысты:
Э. Хасенов – аға инспектор,
Е. Смағұлов – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,
Г. Бекенова – қала әкімдігі жастар жұмысы жөніндегі маман,
бірлесе ұйымдастырды.
Іс-шара соңында оқушылар өз ойларын ортаға салып, сұрақтарына толыққанды жауап алды. Мұндай кездесулер оқушылардың санасында салауатты өмірге ұмтылуды қалыптастырып, теріс ықпалдардан алшақ болуға септігін тигізді.