21.08.2025 жылы облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қаратал ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді

21.08.2025 жылы облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қаратал ауданы тұрғындарымен кездесу өткізді

🔸 Үштөбе қаласында өткен кездесуде аудан халқының тұрмыс жағдайын жақсарту бағытындағы іс-шараларға кеңінен тоқталған өңір басшысы аймақтағы өзекті мәселелердің шешімі, әлеуметтік-экономикалық дамудың басым бағыттары жайлы айтты.

✔️ Облыс әкімінің айтуынша, былтырдан бастап ауданда 193,4 шақырым суару арналарына жөндеу жұмыстары кезең-кезеңімен жүргізілуде. Сонымен қатар жылдар бойы қайырланып қалған суару каналдарын тазалау жұмыстары да басталған.

✔️ Бейбіт Исабаев өз сөзінде халықты тұрғын үймен, сол сияқты жол, ауыз су, газ сияқты инженерлік инфрақұрылыммен қамту мәселелеріне тоқталды. Атап өтсек, бүгінде ауданда тұрғын үй кезегінде 1393 адам тұр. Бұл ретте 2023 жылы 60 үй, былтыр 70 үй берілсе, биыл халықтың әлеуметтік осал топтары үшін 110 жалға берілетін баспана құрылысы жүргізілуде, жылдың аяғына дейін беріледі.

💬 - Аудандағы 35 елді мекеннің 33-і орталықтандырылған сумен қамтамасыз етілген. Қазан айында Ұмтыл ауылының тұрғындары да таза ауыз суға қол жеткізеді, Қанабек ауылында ауыз су жүйесі күрделі жөндеуден өткізіліп жатыр. Көп жылдардан бері шешімін таппай келген Көпбірлік ауылының ауыз су мәселесін жақсарту үшін тұщыландыру құрылғысы орнатылды. Ал жол мәселесінде мен уәде бергендей, ұзақ жылдар жөндеу көрмеген облыстық маңызы бар 176 шақырым «Үштөбе-Көпбірлік» автомобиль жолы толық жөнделіп, пайдалануға берілді. Ендігі кезекте елді мекендердің жергілікті маңызы бар жолдары кезең-кезеңімен жөнделетін болады, - деп атап өтті Б. Исабаев.

✔️ Бұған қоса әлеуметтік саланы дамыту шараларына да тоқталып өтті. Мәселен, соңғы екі жылда ауданда 20 әлеуметтік нысан салынып, 6-уы күрделі жөндеуден өткізілген.

🔸 Облыс әкімінің баяндамасынан кейін аудан тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойды.

🔸 Осы күні облыс әкімі Бейбіт Исабаев аудан тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдады.