Жыл басынан бері шомылуға рұқсат етілген 5 орын мен тыйым салынған 76 учаске облыс әкімдігі мен мәслихаты тарапынан бекітілді

Жыл басынан бері шомылуға рұқсат етілген 5 орын мен тыйым салынған 76 учаске облыс әкімдігі мен мәслихаты тарапынан бекітілді

Халық көп жиналатын орындарда қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін жедел-құтқару жасағының теңгерімінде 16 моторлы жүзу құралы бар, оның ішінде 4 катер және 12 темір қайық.
Облыс аумағындағы 23 су айдынының түбі тексерілді. Атап айтқанда: Ақши ауылында – 3 балалар лагері және 4 қоғамдық жағажай, Лепсі ауылында – 15 демалыс аймағы, Талдықорғанда – 1 қалалық жағажай қамтылған.
Сарқан ауданында күніне 3 құтқарушы кезекшілікке түсіп, Балқаш көлінің жағалауын 2 құтқарушы патрульдейді. Алакөл ауданында 2 құтқарушы күн сайын қызмет атқарып, көл жағалауын 8 құтқарушы бақылайды. Ауданға қосымша 4 құтқарушы жұмылдырылды. Жалпы, бұл аудандарда 13 моторлы қайық қолданыста.
Жетісу облысының Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды судағы қауіпсіздік ережелерін сақтауға және тек жабдықталған жағажайларды пайдалануға шақырады.