Халықаралық ескерткіштер мен тарихи орындарды қорғау күніне орай, "Ескерткіштер - ел тарихы" атты іс-шара ауыл орталығындағы Ұлы Отан соғысының батырлары мен қаза тапқандарға арналған ескерткіш жанында ұйымдастырылды. Ұлы Отан соғысына қатысып, қаза тапқан жандарды еске алып 1-минуттық үнсіздік жарияланды. Шара барысында оқушыларға ескерткіш тарихы таныстырылып, оқушылар өлең жолдарын арнады.Тастөбе ауылдың әкімдігінің бас маманы Айгул Ұзаққызы сөз сөйлеп, бұл айтулы күннің маңызына тоқталды. Кітапханашы ескерткіштер әрбір елдің тарихы мен өткенінен сыр шертер халықтың ұлттық байлығы ғана емес, сол елдің өткені мен бүгінгіні саралайтын, сол арқылы келешек ұрпаққа тәлім-тәрбие беруге маңызы зор екенін айтып өтті.