
2026 жылдың Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Жамбыл атындағы орта мектебі оқушыларды табиғатты қорғауға баулу, экологиялық мәдениетті қалыптастыру және туған жерге деген сүйіспеншілікті арттыру мақсатында «Қамқор» жобасы аясында мектептің 11-сынып түлектері арасында «Түлектердің ағаш егуі» атты эко-челлендж ұйымдастырылды. Эко-челлендж барысында түлектер мектеп ауласына және белгіленген аумаққа әртүрлі ағаш көшеттерін отырғызды. Оқушылар табиғатты аялаудың маңыздылығын түсініп, қоршаған ортаны көгалдандыруға өз үлестерін қосты. Сонымен қатар, бұл шара жас ұрпақты еңбекқорлыққа, жауапкершілікке және бірлікке тәрбиелеуге ықпал етті. Ағаш егу жұмыстары ұйымшылдықпен өткізіліп, барлық қатысушылар белсенділік танытты. Түлектер үшін бұл іс-шара мектеппен қоштасу сәтінде естелік ретінде қалатын игі дәстүрдің бірі болды.