Зорлық-зомбылық пен зиянды әдеттердің алдын алу

Зорлық-зомбылық пен зиянды әдеттердің алдын алу

2026 жыл Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Жамбыл атындағы орта мектебі оқушыларға зорлық-зомбылықтың және зиянды әдеттердің адам өміріне қауіпті екенін түсіндіру мақсатында 10,11 сынып оқушыларына Зорлық-зомбылық көріністері, сондай-ақ адамның денсаулығына зиян келтіретін есірткі заттары, темекі өнімдері және алкогольдік ішімдіктер бейнеленген «Закладки», «Хулиганка» фильмдері көрсетілді. Зорлық-зомбылық көріністері және есірткі, темекі, алкоголь өнімдері бейнеленетін фильмдердің кері әсері көп қырлы болып келеді, әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпті екенін мектеп психологі және әлеуметтік педогог талқыланып түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Мұндай кинотуындыларда күш қолдану, агрессия, қатыгездік әрекеттері, сондай-ақ зиянды әдеттерді (шылым шегу, ішімдік ішу, есірткі қолдану) насихаттайтын немесе қалыпты құбылыс ретінде көрсететін көріністер жиі кездеседі. Әсіресе балалар мен жасөспірімдер үшін қауіпті алдын алу – ең тиімді жол. Оқушыларды дұрыс бағыттап, пайдалы орта қалыптастыру арқылы олардың денсаулығын сақтап, жақсы мінез-құлық қалыптастыру.