Мен таңдаған жол

Мен таңдаған жол

2026 жыл Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Жамбыл атындағы орта мектебі оқушылардың салауатты өмір салтын ұстануға деген қызығушылығын арттыру, денсаулықтың адам өміріндегі маңызын түсіндіру және зиянды әдеттерден аулақ болуға тәрбиелеу мақсатында Дүниежүзілік денсаулық күніне орай «Мен таңдаған жол» тақырыбында жалпы республикалық ашық денсаулық сабағы 1 – 11 сынып оқушылар арасында ұйымдастырылды. Сабақ Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің бірінші вице-министрі – Тимур Сыламжанұлы Сұлтанғазиевтың 15 минуттық бейне сабағымен басталды сабақ барысында оқушылар денсаулықты сақтаудың негізгі қағидаларымен танысып, дұрыс тамақтану, дене белсенділігі, жеке гигиена және психологиялық саулық туралы мағлұмат алды. Сонымен қатар, «Мен таңдаған жол» тақырыбы аясында әр оқушы өзінің болашақтағы өмірлік бағыты мен денсаулықты сақтау жолындағы жеке көзқарасын ортаға салды. Мектеп медбике Қ.Ниеткалиева интерактивті форматта өтіп, пікірталас, сұрақ-жауап, бейнероликтер көрсету және топтық жұмыстар арқылы жалғасын тапты. Оқушылар өз ойларын еркін жеткізіп, салауатты өмір салтын таңдаудың маңыздылығын терең түсінді. Қорытындылай келе, бұл ашық денсаулық сабағы оқушылардың денсаулыққа деген жауапкершілігін арттырып, дұрыс өмірлік бағыт таңдауға ықпал етті.