
2026 жылы Жетісу облысы, Қаратал ауданы, Жамбыл атындағы орта мектебі оқушыларға Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының мазмұнын түсіндіру, олардың құқықтық сауаттылығын арттыру және азаматтық жауапкершілігін қалыптастыру мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасына сәйкес «Білім – мемлекеттік саясаттың басты құндылығы: жаңа Конституцияда айқындалған басымдықтар» тақырыбында 11 сынып жетекшісі К.Күнай сынып сағатын өткізді. Сынып сағат барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының Конституциясындағы білім беру саласына қатысты негізгі қағидалар түсіндіріліп, білімнің қолжетімділігі, сапасы, тең мүмкіндіктер қағидаты, сондай-ақ әр азаматтың білім алуға құқығы мен міндеті кеңінен талқыланды. Сонымен қатар, қазіргі қоғамдағы білімнің рөлі, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастырудағы маңызы және жас ұрпақтың ел дамуына қосатын үлесі жөнінде пікір алмасу ұйымдастырылды. Сынып сағаты интерактивті әдістер арқылы (сұрақ-жауап, пікірталас, топтық жұмыс) өткізіліп, оқушылардың белсенді қатысуына мүмкіндік жасалды. Нәтижесінде білім алушыларда отансүйгіштік сезім, заңға құрмет, білімге деген жауапкершілік және «адал азамат» құндылықтарын ұстану дағдылары нығайтылды. Сынып сағаты оқушылардың құқықтық мәдениетін арттырып, білімнің қоғамдағы маңызын терең түсінуге ықпал етті. Жас ұрпақтың саналы, білімді, жауапты азамат болып қалыптасуына бағыт беретін тәрбиелік мәні зор іс-шара болып табылады.