
«Жер-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу
Төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі іс-қимылдарға азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесін одан әрі жетілдіру, сондай-ақ төтенше жағдайларды жоюға азаматтық қорғаудың басқару органдарын, күштері мен құралдарын дайындау мақсатында 2025 жылғы 23 шілде күні «Жер-2025» Республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығу іс-шарасы өткізілді.
Аталған шараға облыс әкімінің өкіміне сәйкес құрылған радиациялық-химиялық қорғау қызметінің мамандары саптық байқауға және тактикалық оқу жаттығуға қатысты.
Тактикалық жаттығуда радиациялық-химиялық қорғау қызметінің мамандары төтенше жағдайдың салдарынан цистернадан химиялық сұйықтық заттың ағуы тоқтатылғаннан кейін атмосфералық ауадағы зиянды заттардың концентрациясын және радиациялық фонды өлшеу жүргізді.
Зардап шеккендерді қабылдау және орналастыру эвакопунктіндегі медициналық көмек көрсету орталығында медициналық және індетке қарсы шаралардың жүргізілуін қадағалайтын эпидемиологиялық дәрігерлерден құралған топ тиісті жұмыстарын атқарды.