«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында аудандық сенбілік өтті
2025 жылғы 2 шілде күні «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында аудан көлемінде кең ауқымды сенбілік өтті. Іс-шараға мекеме қызметкерлері, еріктілер мен тұрғындар белсене қатысып, тазалық жұмыстарына өз үлестерін қосты.
Сенбілік Үштөбе қаласындағы Мартынов көшесінде (Дияр шағын маркеті маңы) ұйымдастырылды. Қатысушылар аумақты күл-қоқыстан тазартып, санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізді.
Аталған іс-шара қоғам назарын экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоршаған ортаны қорғауға және тазалық сақтауға бағыттады.
Игі бастама алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.