
«Заң және тәртіп» қағидасының аясында Қаратал ауданының прокуратурасымен қылмыстың алдын алу мәселелері бойынша әкімдік, полиция және білім бөлімі өкілдерінің қатысуымен ведомствоаралық кеңес өткізді.
Аудан аумағы бойынша қылмыстың өсуі, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, есірткі қылмысына және интернет-алаяқтыққа қарсы күрес жөніндегі шаралар талқыланды.
Органдардың өзара іс-қимылын күшейту, оқу орындарында алдын алу іс-шараларын жүргізу, сондай-ақ тыйым салынған заттардың таралуына байланысты заңсыз жарнаманы жою және интернет алаяқтықтың алдын алу туралы шешімдер қабылданды. Осы бағыттағы жұмыс жалғасады, аудан прокуратурасы қабылданған шешімдердің орындалуын және құқықтық тәртіптің сақталуын бақылауды қамтамасыз етеді.