
Қызылбалық ауылдық округі әкімдігі мамандары ауыл тұрғындарын аралап, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Түсіндіру жұмыстары барысында тұрғындарға жазғы демалыс кезеңінде Балқаш көлінің жағалауларында және табиғат аясында демалу кезінде өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау қажеттігі айтылды. Сонымен қатар, отты қараусыз қалдырмау, сөндірілмеген темекі тұқылдарын тастамау, құрғақ шөп пен қоқысты өртемеу жөнінде ескертулер берілді.
Азаматтарға өрттің алдын алу – әрбір адамның жауапкершілігі екені түсіндіріліп, табиғатты қорғауға және қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырылды. 🚒🌿🔥