«А. Байтұрсынов атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған көрме»

«А. Байтұрсынов атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған көрме»

Жетісу облысы Қаратал ауданы Ахмет Байтұрсынов атындағы МДШО бар орта мектебінде 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай «Менің елім – бірліктің мекені» тақырыбында мазмұнды әрі тағылымы мол көрме ұйымдастырылды.

Аталған іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың бойында отансүйгіштік сезімді қалыптастыру, еліміздегі түрлі ұлт өкілдерінің достығы мен татулығын дәріптеу, сондай-ақ бірлік пен келісімнің маңыздылығын түсіндіру болды. Көрме барысында оқушылар өз қолдарымен дайындаған шығармашылық жұмыстарын ұсынып, әр ұлттың мәдениеті мен салт-дәстүрін бейнелейтін көрнекіліктер жасады.

Шараға қатысқан оқушылар белсенділік танытып, өз өнерлерін ортаға салып, еліміздің көпұлтты бай мәдениетін паш етті.