
«Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасын іске асыру мақсатында, «Заң және тәртіп» қағидаты аясында Алғазы орта мектебінде оқушылармен «Өмірге салауатты қадам» тақырыбында алдын алу шарасы өткізілді.
Шара барысында оқушыларға интернет алаяқтықтың түрлері, оның алдын алу жолдары және жеке деректерді қорғаудың маңыздылығы кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, құқықбұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау, қоғамдағы тәртіп пен жауапкершілікті арттыру мәселелері жан-жақты қарастырылды.
Аталған шараның басты мақсаты – жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын қалыптастыру және қоғамда заң мен тәртіпті сақтаудың маңызын ұғындыру болып табылады.