
12 наурыз күні Қаратал ауданының әкімі Көпбірлік ауылында тұрғындармен кездесу өткізіп, азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Кездесу барысында ауыл тұрғындары өзекті мәселелерін көтеріп, ұсыныстарын білдірді.
Кездесуде Көпбірлік ауылының тұрғыны, ақсақалдар алқасының төрағасы Жасанов Нұрғазым ауылда жүргізіліп жатқан ауыз су жүйесі бойынша жұмыстардың барысы туралы мәселе көтеріп, сондай-ақ ауыл ішіндегі жолдарға жол белгілерін орнату қажеттігін жеткізді.Сонымен қатар, Көпбірлік ауылдық амбулаториясының меңгерушісі Құдайбергенова Әсем Маратханқызы медициналық мекеменің ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін көтерді.
Аудан әкімі тұрғындар тарапынан көтерілген барлық мәселелерді назарға алып, жауапты бөлім басшыларына тиісті тапсырмалар берді. Көтерілген ұсыныстар мен мәселелерді заңнама аясында кезең-кезеңімен шешу бойынша жұмыстар жүргізілетінін атап өтті.
Мұндай кездесулер тұрғындармен ашық диалог орнатуға, елді мекендердің өзекті мәселелерін анықтап, оларды тиімді шешуге мүмкіндік береді.