
12 наурыз күні аудан әкімі Бәйшегір ауылдық округінің тұрғындарымен жоспарлы кездесу өткізді. Кездесуге ауыл тұрғындары, мекеме басшылары және округ әкімдігі өкілдері қатысты.
Жиын барысында тұрғындар ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын білдірді. Атап айтқанда, Алмалы ауылының тұрғыны, Абай атындағы орта мектептің мұғалімі Исаев Самат Қалиасқарұлы мектеп ғимаратына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін айтты.Сонымен қатар, Алмалы ауылының тұрғыны, зейнеткер Мырзахмет Оңғарбек ауылдағы Мықтыбек батыр көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу туралы өтініш білдірді. Кездесу барысында тұрғындар ауылда жүзеге асырылып жатқан жұмыстарға да ризашылықтарын білдірді. Атап айтқанда, жаңадан салынған спорт кешені мен мәдениет үйіне, сондай-ақ ауыл көшелерінің жөнделуіне алғыстарын жеткізді.
Аудан әкімі көтерілген мәселелер назарға алынатынын айтып, тиісті бөлімдерге нақты тапсырмалар берді.
Мұндай кездесулер алдағы уақытта да жалғасып, тұрғындар көтерген мәселелер кезең-кезеңімен шешімін табатын болады.