Тастөбе ауылында өткен кездесуде тұрғындар алғыстарын білдірді

Тастөбе ауылында өткен кездесуде тұрғындар алғыстарын білдірді

11 наурыз күні Тастөбе ауылында аудан әкімінің тұрғындармен кезекті кездесуі өтті. Жиынға аудандық бөлім басшылары, тиісті мекемелердің өкілдері және ауыл тұрғындары қатысты.
Кездесу барысында ауыл тұрғындары елді мекенде соңғы жылдары атқарылып жатқан жұмыстарға оң бағасын беріп, бірқатар ұсыныстарын жеткізді. Атап айтқанда, ауылда жаңадан салынған мәдениет үйі, спорт кешені және мектеп ғимаратына жүргізілген күрделі жөндеу жұмыстары тұрғындардың ерекше ризашылығын тудырғаны айтылды. Сонымен қатар жиын барысында Тастөбе ауылының тұрғыны Есімхан Құмаров ауылдағы Е. Өнімдінов және М. Досымбеков көшелеріне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін көтерді.
Аудан әкімі тұрғындардың ұсыныстары мен пікірлері назарға алынатынын айтып, жауапты бөлімдерге тиісті тапсырмалар берді. Сондай-ақ алдағы уақытта ауылдың инфрақұрылымын дамыту бағытындағы жұмыстар жалғасатынын атап өтті.
Кездесу барысында тұрғындар мен жергілікті билік арасында ашық пікір алмасу өтіп, ауылдың одан әрі дамуына қатысты ұсыныстар талқыланды.