Жанұя отбасын қорғау орталығы басшысының ауыл тұрғындарымен кездесуі

Жанұя отбасын қорғау орталығы басшысының ауыл тұрғындарымен кездесуі

       Жанұя отбасын қорғау орталығы басшысы Азат Жанатқызы Қызылбалық ауылдық округінде ауыл тұрғындарымен кездесу өткізді.

       Кездесу барысында отбасы құндылықтарын нығайту, тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу, әлеуметтік қолдау шаралары және құқықтық түсіндіру жұмыстары кеңінен қарастырылды.

      Іс-шара ашық форматта өтіп, тұрғындар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті түсіндірмелер мен жауаптар алды. Кездесу қорытындысы бойынша көтерілген мәселелер назарға алынып, алдағы уақытта тиісті жұмыстар жүргізілетін болады.