
Кездесу барысында ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы, инфрақұрылым мәселелері, тұрғындардың ұсыныс-пікірлері талқыланды. Ашық форматта өткен жиында ауыл азаматтары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, тиісті жауаптар алды.
Мұндай кездесулер тұрғындар мен жергілікті билік арасындағы байланысты нығайтып, өзекті мәселелерді бірлесіп шешуге мүмкіндік береді.