Ағымдағы жылдың 6-мамыр күні Р.Қошқарбаев атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты тәрбие сағаты өткізілді

Ағымдағы жылдың 6-мамыр күні Р.Қошқарбаев атындағы орта мектеп оқушыларының қатысуымен «Сыбайлас жемқорлық – қоғам дерті» атты тәрбие сағаты өткізілді

 

Оқушыларға сыбайлас жемқорлық ұғымы туралы түсіндірме берілді. Олар өз сөздерінде сыбайлас жемқорлықпен күресу — қазіргі Қазақстанның ең өзекті және күрделі мәселелерінің бірі екенін атап өтті. Бұл — тек біздің ел үшін ғана емес, саяси даму деңгейі әртүрлі мемлекеттердің барлығын алаңдататын, үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын құбылыс екені айтылды.
Сонымен қатар, оқушыларға «Сыбайлас жемқорлық» ұғымының мәні түсіндірілді. Бұл сөз латынның "corruptio" — «параға сатып алу» деген мағынаны білдіретін сөзінен шыққан. Рим құқығында "corrumpere" ұғымы қолданылған, ол «бұзу, бүлдіру, зақымдау, жалған әрекет жасау, пара беру» сияқты құқыққа қарсы әрекеттерді білдірген.