Құрметті Қаратал ауданының тұрғындары және қонақтары! Қаратал ауданы ТЖБ ескертеді. "Су айдындарындағы қауіпсіздік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 34 бұйрығына сәйкес, тыйым салынады: - "Суға түсуге тыйым салынады" деген белгілер орнатылған жерлерде шомылуға; - алкогольді мас күйде шомылуға; - тексерілмеген және жабдықталмаған жерлерде сүңгуге; - балаларға ересектерсіз суға кіруге. Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда Төтенше жағдайлар және полиция қызметкерлерімен кінәлі тұлғалар ҚР ӘҚБК нің 412 және 364 бабтары бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылады.