Ескелді ауылдық округінде зейнеткерлерге көмек көрсету акциясы өтті.

Ескелді ауылдық округінде зейнеткерлерге көмек көрсету акциясы өтті.

Ағымдағы жылдың 24 сәуір күні ерікті жастар округке қарасты Ескелді би ауылының тұрғыны, Төлеухан Сүттібаев атамыздың үйіне барып ауласын тазалап, тазалық жұмыстарын жүргізіп, шаруашылығына көмектесті. Төлеухан атамыз жастарға алғыстарын айтып, ел болашағы жастар екендігін жастарға естеріне салып, ақ батасын берді.