
ағымдағы жылдың 1 сәуірде, Ескелді ауылдық округінде қызыл сызықтан тыс салынған заңсыз сарайлар, қоршаулар мен қораларды анықтау мақсатында рейдтік іс-шаралар өткізілді. Азаматтарға анықталған бұзушылықтарды белгіленген мерзімде жою туралы хабарламалар табысталды. Сондай-ақ, оларға жеке меншік учаскелерінде санитарлық тазалау жұмыстарын жүргізу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.