🍀🍀🍀«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында 2025 жылдың 28 наурызында Ескелді ауылдық округінде сенбілік өтті. Сенбілік барысында «Ескелді би» кесенесінің маңындағы аумақты және Ескелді би ауылына апаратын жолдар бойын тазалау жұмыстары жүргізілді. Акцияның негізгі мақсаты – халықтың экологиялық сауаттылығын арттыру, қоршаған ортаның жағдайын жақсарту және округ тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру үшін таза әрі жайлы орта қалыптастыру.