«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы

«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы

🍀🍀🍀«Таза Қазақстан» Республикалық экологиялық акциясы аясында ағымдағы жылдың 19 наурызында Ескелді ауылдық округінде “Сәрсенбілік” сенбілігі ұйымдасқан түрде өтті. Іс-шараға мемлекеттік мекеме қызметкерлері, жергілікті тұрғындар және еріктілер белсене қатысты.

Сенбілік барысында қоғамдық аумақтарды тазалау, қоқыстарды жинау, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары жүргізілді. Қатысушылар экологиялық жағдайды жақсартуға және тазалық мәдениетін қалыптастыруға бағытталған бастаманы белсенді қолдады.

Мұндай іс-шаралар қоршаған ортаны сақтауға ықпал етіп, туған өлкеміздің таза әрі жайлы болуына септігін тигізеді. Сенбілікке қатысып, туған жердің көркеюіне үлес қосқан барша азаматтарға алғысымызды білдіреміз!