
Ағымдағы жылдың 13 мамыр күні Ескелді ауылдық округіне қарасты Ескелді би ауылында санитарлық-тазалық жұмыстары жүргізілді.
🚛 Жүргізілген жұмыстар барысында ауыл тұрғындарының жеке тұрғын үйлері аумақтарынан тұрмыстық қатты қалдықтар шығарылды.
🏡 Елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тазалығын сақтау бағытындағы жұмыстар жалғасуда. ✨