🌿 Ескелді ауылдық округінде тазалық жұмыстары жүргізілді 🌿

🌿 Ескелді ауылдық округінде тазалық жұмыстары жүргізілді 🌿

 

☘️
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында 25 сәуір күні Ескелді ауылдық округінде кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Іс-шара Ұлы Отан соғысында қаза тапқан батырларға арналған «Даңқ обелискі» ескерткіші маңында өтті.

Сенбілік барысында округ тұрғындары мен белсенділер ескерткіш аумағын қоқыстан тазартып, абаттандыру жұмыстарын жүргізіп, айналаны ретке келтірді. Бұл шара туған жерге деген құрмет пен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болды.