ЕСКЕЛДІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ЛЕРМОНТОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ «IQ BOOTCAMP» БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУДА

ЕСКЕЛДІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНДЕГІ ЛЕРМОНТОВ АТЫНДАҒЫ ОРТА МЕКТЕПТІҢ ОҚУШЫСЫ «IQ BOOTCAMP» БІЛІМ БЕРУ ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУДА

 

Ескелді ауылдық округінде Лермонтов атындағы орта мектептің 10 «А» сынып оқушысы Еренғайып Аяла Ақмола облысы Щучинск қаласында орналасқан «IQanat High School of Burabay» мектебінің базасында ұйымдастырылған «IQ Bootcamp» қарқынды білім беру бағдарламасына қатысуда.

Аталған жоба оқушылардың зияткерлік қабілеттерін дамытуға, білім деңгейін арттыруға және көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған. Бағдарлама аясында қатысушылар түрлі тренингтерге, білім беру сабақтарына және командалық жұмыстарға қатысады.

Мұндай жобаларға қатысу оқушыларға жаңа мүмкіндіктер ашып, олардың жан-жақты дамуына және өз әлеуетін толық ашуына ықпал етеді.