
Ескелді ауылдық округінде, Лермонтов атындағы орта мектебінде мектеп аумағын көгалдандыруға бағытталған игі дәстүр жалғасын табуда. Биылғы жылы түлектер ата-аналарымен бірге «Түлектер аллеясын» отырғызу ісіне белсене қатысып, бұл шараға ерекше мән берді.
Аталған бастаманың басты мақсаты — ұрпақтар сабақтастығын көрсету. Ата-ана баласын қалай мәпелеп өсірсе, түлектер де мектептен түлеп ұшар сәтте өздерінен кейін із қалдырып, ағаштар мен гүлдер отырғызу арқылы ізгілік дәнін себеді.
Биылғы ерекшелік — мектеп тарихындағы тұңғыш қазақ сыныбының түлектері мен олардың ата-аналары осы дәстүрді жалғастырып, мектеп аумағын абаттандыруға өз үлестерін қосты.
Отырғызылған көшеттер мектеп ауласының көркін арттырып қана қоймай, түлектердің естелігі ретінде ұзақ жылдар бойы сақталатын болады.